Атырау, 15 қаңтар 16:16
 ашықВ Атырау -3
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

Жайық-Каспий инспекциясы Бақсай су каналында шабақтардың қырылу қаупі туралы хабарлады

Бейнежазба
114 просмотра

Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясы Махамбет ауданындағы Таңдай ауылында балықтың қырылуы туралы ақпаратқа жауап берді.

Ведомствоның хабарлауынша, 13 қаңтарда Жайық-Каспий облысаралық бассейндік инспекциясының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізе отырып, Махамбет ауданы Х.Ерғалиев елді мекеніндегі Бақсай су каналында шабақтардың жиналу фактісін анықтады.

"Өзара әрекеттестік схемасына сәйкес, шабақтардың жиналу орнына инспекция, экология департаменті, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, ғылыми-өндірістік балық шаруашылығы орталығының қызметкерлері мен ветеринария қызметінің өкілдерінен құралған топ шықты. Қабылданған шаралардың нәтижесінде шамамен 180 мың дана балық шабағы құтқарылды.

Су мен балықтың үлгілері зертханалық зерттеулер жүргізу үшін алынды.

Балық шабақтарының жаппай қырылу қаупінің алдын ала себебі – су арнасының мұздануына байланысты суда еріген оттегінің төмен деңгейі", деп хабарлады инпекция.

Белгіленген тәртіпте өлген балық шабақтарын жинау және кәдеге жарату жұмыстары жүргізілуде.

"Бұл жағдай ерекше бақылауға алынды" деп хабарлады ведомство.


Бүгін, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.