Атырау, 15 қаңтар 03:24
 ашықВ Атырау -5
$ 530.24
€ 543.97
₽ 5.16

​Атырау облысында тағы да балық жаппай қырылып жатыр

Бейнежазба
243 просмотра

Махамбет ауданындағы Таңдай ауылы маңында тағы да балықтың жаппай қырылу дерегі тіркелді. Бақсай каналы маңында су бетіне жүздеген балық шыққан. Желідегі видеоға қарағанда арасында де тірілері де бар. Бетіне мұз қата бастаған судан ірілері де көрінеді.

Экобелсенді Аслан ОМАРОВ “Ақ Жайық” тілшісіне видео кеше, 13 қаңтар күні түсірілгенін хабарлады. Оның сөзінше, балықтар Махамбет ауданы Таңдай ауылынан Исатай ауданы Хамит Ерғалиев бағытына қарай орналасқан Бақсай каналына қосыла алмай тұрған көлшіктерге жиналып қалған.

«Балық саны өте көп. Егер тез арада шара қолданбасақ, алдағы күндері қар жауып, судағы оттегінің жетіспеушілігі салдарынан барлық балық қырылып қалуы мүмкін, - дейді Омаров. 

Биылғы тасқын кезінде өр суымен келген балықтар уылдырық шашып, өсіп-өніп, көбейіп, бірақ терең суға кететін ағын болмағандықтан, таяз көлшіктерде қалып қойған. Осындай жағдай Құлсары (Жылыой ауданы) өңірінде байқалады. Омаровтың айтуынша, ол жердегі тайыз суларда шортан балығы шоғырланған. 

Бұған дейін Аслан Омаров Алмалы ауылындағы Сарыөзек каналында мыңдаған балық қырылып жатқанын видеоға түсіріп, желіге жариялалы. Оны жинасуға көпшілікті көмекке шақырып, оның үндеуіне құлақ асқандар табылды.

«Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы Нұрлыбек ҒАЙСИН Бақсай каналы маңындағы балық қырылу дерегі бойынша комиссия құрылып, оқиға орнын көруге жолға шыққанын хабарлады.

«Комиссия балықты қандай тәсілдермен жинау керектігін ақылдасып, ондағы балық көлемін шамалап, балықтың қырылуына оттегі жетіспеушілігі себеп болды ма, жоқ па, анықтайды», - деп мәлімдеді ол.

Ғайсин сондай-ақ зардаптарды жою үшін ұйымдастыру мәселелерін шешу қажеттігін атап өтті: көлікпен, балық жинайтын адамдармен, азық-түлікпен қамтамасыз етіп, бюджет қаражатын тарту керек. Бұл процеске жергілікті билік пен мамандандырылған ұйымдар тартылады деп күтілуде. 

Айнұр САПАРОВА

Кеше, 12:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.