Атырау, 13 қаңтар 22:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Бүйрегін сатпақ болған ​Атырау тұрғынының​ әрекеті сотпен аяқталды

150 просмотра

Атырау облысының 27 жастағы тұрғыны бір бүйрегін 9 млн теңгеге бағалады. Ол 5 млн теңге алып жатқан берінен ұсталып, сот алдында жауап беріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қылмыстық іс №2 Ақтөбе қалалық сотында қаралып жатыр. Сотталушыға Қылмыстық кодекстің «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» және «Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою» баптары бойынша айып тағылды. Іс материалына сүйенсек, сотталушы 2024 жылдың маусым айында Telegram арқылы «Бүйрек доноры» каналына кіріп, хабарлама қалдырады. Сол кезде ақтөбелік полиция қызметкерлері алдын ала келісілген адам арқылы байланысқа шығып, өзара уағдаласады.

- 2024 жылдың маусым айында Орынбасаров жұмыссыз жүріп, заңсыз жолмен пайда тауып, қарыздарын жабу мақсатында хабарландыру қалдырған. Өзінің ағзасын, яғни, бүйрегін сату туралы хабарлама жариялағаннан кейін Орынбасаров тергеп-тексерумен анықталмаған тұлғалардан ұсыныстар алып отырған. 2024 жылы 14 қыркүйек күні Орынбасаров Атырау қаласында бола тұра өз еркімен ішкі істер органдарына көмек көрсеткен Ақтөбе қаласының тұрғынымен келіседі. Бүйрегін 9 млн теңгеге бағалайды. Ол медициналық комиссиядан өтуге, ол үшін Ақтөбеге келуге уәде етті. 2024 жылдың 19 қыркүйегі күні Атырау қаласынан Ақтөбе қаласына қарай пойызға билет алып, 2024 жылы 20 қыркүйегі күні Ақтөбе қаласына жетті, медициналық тексеруден өтті. Сол күні сатып алушы жалға алып берген пәтерге барады. Ал 25 қыркүйек күні келісімді жүзеге асыру мақсатында сатып алушы 5 млн теңгені Орынбасаровқа беріп, ол полиция қызметкерлеріне ұсталды. Сөйтіп Қылмыстық кодекстің 24 бабы 3 бөлігі, 116 бабы 1 бөлігінде көрсетілген құқықбұзушылық жасады, - деді прокурор Әділет Кенжалы.

Сот отырысы кезінде сотталушы да жауап берді. Ол қарызы болып, асығыстық танытқанын айтты.

- Қарызым болып қалды. Сол уақытта асығыстықпен, ашумен Telegram арқылы жазба қалдырдым да каналдан шығып кеттім. Өзге атты қолдандым. Маған қыркүйек айында хабарласты. Кейін «анализ алайық» деп айтты. Анализді Ақтөбеге келіп тапсырдым. Ақшасын төледі, пәтер жалдап берді. 25 күні қолма-қол ақша бергенде ұсталдым. 9 млн теңгеге келістік. Отаға дейін, кейін бөліп беретін болды. Сол 5 млн теңгені беріп, кетіп бара жатқанда ұстады. Ақшаны санамадым, қарамадым. Өзім толық мойындаймын, өкінемін, - деді сотталушы.

Ол қазір ешқайда кетпей туралы қолхатпен бостандықтан жүр. Отбасылы, екі баласы бар.

Бүгін, 16:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.