2024 жылы 25 желтоқсанда Баку-Грозный рейсін орындаған Әзірбайжан әуе жолдарының (AZAL) Embraer E-190 ұшағы Қазақстанда апатқа ұшырады, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы Media.az порталына сілтеме жасап.
Нұсқаушы ұшқыш Вугар Мехдизаде ұшақтың неліктен діттеген жеріне емес, Ақтауға бет алғанын түсіндірді.
Оның айтуынша, бұл қаланың әуежайының төңірегі мүлдем тегіс, таулы жері жоқ. Ұшақтың басқарылмайтын күйге түскенін ескерсек, капитанның ол жерге шұғыл қону туралы шешімі дұрыс болған.
«Олар Қазақстанға өте қиын жағдайда ұшып жетті», - деді В.Мехдизаде ұшқыштардың батылдығы мен кәсібилігін атап өтіп.
Қайғылы оқиғадан үш күн бұрын дәл осы ұшақты басқарған Турал Шахвердиевтің айтуынша, капитан қолайлы қону үшін әуеде бірнеше шеңбер жасауды жоспарлаған. Бірақ соңғы сәтте не болғанын ешкім білмейді.