Атырау облыстық сотында 2024 жылдың жұмысын қорытындылау бойынша кеңейтілген кеңес өтті.
Оның жұмысына облыстық сот төрағасы Мухтар Парменов, облыстық соттың сот алқаларының төрағалары мен судьялары, Соттар әкімшілігі департаментінің басшылығы, қалалық және аудандық соттардың төрағалары мен судьялары қатысты.
Кеңес барысында сот алқалары төрағаларының 2024 жылдың жұмыс қорытындысы бойынша баяндамалары тыңдалды.
Қылмыстық алқаның төрағасы Тәтті Уалиева соттарға түсіп, аяқталған қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің, бас бостандығынан айыруға сотталған тұлғалар санының, сотқа дейінгі тергеп тексеру органдарының, прокуратураның әрекетіне жасалған шағымдарды қанағаттандыру санының артқанын, сыбайлас жемқорлыққа қатысты істер санының, күзетпен ұстауды санкциялау санының азайғанын атап өтті.
2024 жылы облыс соттарымен 1 470 тұлғаға қатысты 1 245 іс қаралды, оның ішінде 1 029 тұлғаға қатысты 877 іс үкім шығарумен аяқталып, 1 017 тұлға сотталды, 12 тұлға ақталды.
- Медиатордың қатысуымен 12 қылмыстық іс қаралды (5,3%).
- Апелляцияда 385 тұлғаға қатысты 313 іс қаралды.
- Облыс соттарымен 20 020 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
- Апелляциялық сатыда 408 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
- Медиацияны қолданумен 1 911 іс қаралды (9,5%).
Азаматтық алқаның төрағасы Мәтен Ерғазиев 2023 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда облыс соттарына келіп түскен талап қоюлар санының 1 261-ге артқанын, татуластыру рәсімдерін қолданумен аяқталған істер санының 510-ға артқанын атап өтті.
- Облыс соттарымен 16 798 азаматтық іс қаралып, оның ішінде 9 624 іс бойынша шешім шығарылған.
- Татуластыру рәсімдерімен аяқталған азаматтық істердің саны 2 317 істі құрады.
- Апелляциялық тәртіпте 1 373 іс қаралды.
- Азаматтық істер бойынша облыс соттарымен 128 жеке ұйғарым шығарылды.
Әкімшілік алқа төрағасының міндетін атқарушы Багила Карешова әкімшілік әділет жұмысы туралы ақпарат беріп, әкімшілік істер бойынша талап арыздар санының 125 іске артқанын айтты.
- Есепті кезеңде облыс соттарымен 1 041 әкімшілік іс қаралды, оның ішінде шешім шығарумен 400 іс қаралды. Қанағаттандырылғаны – 287 (71,7%).
- Апелляциялық алқамен 297 әкімішілік іс қаралды.
- Татуластыру рәсімімен 117 әкімшілік іс қаралды (10,3%).
- Талап қоюшылармен 201 талап қою (17,7%) қайтарылып алынды.
Әкімшілік істерді қарау нәтижесі бойынша 37 ақшалай өндіріп алу қолданылып, 40 жекеше ұйғарым шығарылды.
Кеңес барысында Судьялар одағы Атырау облысы филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясының төрағасы Б.Жұмабаевтың, Судьялар одағы Атырау облысы филиалының төрағасы Н.Абдоловтың, аудандық соттар төрағаларының баяндамалары тыңдалды.
Жұмысты қорытындылай келе, облыстық сот төрағасы М.Парменов қоғамның сот төрелігіне деген сенімін арттырудың маңыздылығын атап өтіп, судьялар корпусы алдына бірқатар басым міндеттерді белгіледі.
Облыс судьялардың назарын сот төрелігін жүзеге асыру сапасына аудара отырып, істерді қарау мерзімдерін кешіктіруге жол бермеуді, татуластыру рәсімдерін арттыруға ерекше көңіл бөлуді тапсырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және әдеп нормаларын сақтау қажеттілігін атап өтті.