Бурятияда ондаған жүк пойызы вагоны рельстен шығып кетті. Бұл теміржол желілеріне айтарлықтай зиян келтірді. Бұл туралы Ақ Жайық басылымы РБК-Украина агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Апат Муйск ауданындағы Ангаракан стансасы маңында болған. Бурятияда вагондар рельстен шығып кеткен кезде 250 метр жол, үш тірек және 100 метр байланыс желісі зақымданған. Апатты жоюға 200-ден астам жұмысшы мен екі қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды.
Апат басқа да бірқатар пойыздардың кешігуіне себеп болды. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ, бірақ көліктегі қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.