Атырау, 13 қаңтар 16:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

«Атырау» футбол клубына жаңа бас бапкер келді

120 просмотра
Фото: kazfootball.kz 

Бұл қызметке 48 жастағы Константин ГОРОВЕНКО тағайындалды. Ол 2021-2022 жылдар аралығында «Атырау» футбол клубын басқарған, бұған дейін «Қайрат-Жастар», «Жетісу», «Шахтер», «Мақтаарал» және «Каспий» командаларына жетекшілік етті.

ФК басшылығы «Атыраудың» бұрынғы бапкер Виталий ЖУКОВСКИЙДІҢ тағдыры туралы үнсіз қалуды жөн көрді.

Жақында өткен Қазақстан чемпионатында атыраулықтар әлденеше рет «қорғанысы ең жақсы команда», сондай-ақ «өз алаңындағы матчтарда өз қақпасына доп жібермейтін команда» атанды. Ойыншыларға келер болсақ, шабуылшы Николай СИГНЕВИЧ турнирдің үздік бомбардирі атанды (24 матчта "гол+пас" жүйесі бойынша 10 доп).

Еске салсақ, чемпионат қорытындысы бойынша үздік үш бомбардир: Жоао ПАОЛО, Ислам ЧЕСНОКОВ және Н.Сигьевич болды. Дегенмен «Тобыл» шабуылшысы И.Чесноков 2024 жылғы чемпионаттың үздік ойыншысы атанды.

«Атырау» командасы лайықты ойыншыларды жинап, сенімді, жаттыққан команда құра ала ма, оны уақыт көрсетеді. Айтпақшы, наурыз айының басында жаңа чемпионат басталады, ал біздің команда әзірге бірде-бір оқу-жаттығу жиынын өткізген жоқ.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Бүгін, 12:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.