Атырау, 13 қаңтар 16:37
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Атыраудағы Ұлттық ұлан командирінің ұлы әскери ант қабылдады

127 просмотра
ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ұсынған сурет

Астана қаласындағы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде ерекше салтанатты шара өтті. Жас сарбаздар ел алдында әскери ант қабылдаса, олардың арасында Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінің командирі, полковник Ерлан Ипатовтың ұлы – қатардағы жауынгер Данияр Берікқалиев те болды.

Салтанатты рәсім кезінде полковник Ерлан Ипатов ұлының әскери жолды таңдағанына қуанышын білдіріп, жүрекжарды тілегін жеткізді:

– Балам, бүгін сен Отан қорғаушылар қатарына қосылып, маңызды қадам жасадың. Әскери қызмет – үлкен жауапкершілік пен абырой. Ол тәртіптілік, батылдық, адалдық және тұрақтылықты талап етеді. Берген антыңа адал бол, еліңе және Отаныңа аянбай қызмет ет. Біздің әулетіміз үшін әскери борыш қашанда қасиетті міндет болған, сен де бұл дәстүрді абыроймен жалғастыратыныңа сенемін, – деді ол. 

Әке сөздері жас сарбаздың рухын асқақтата түсті.

– Әкем мен үшін әрдайым үлгі болды. Оның адалдығы мен отансүйгіштігі осы жолды таңдауыма себепкер болды. Отбасылық дәстүрді жалғастырып, еліміздің қорғанысына үлес қоса алатынымды мақтан етемін, – деп бөлісті қатардағы жауынгер Данияр Берікқалиев. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Бүгін, 13:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.