Атырау қаласындағы «Нұрсая» спорт кешенінде бокстан 2011-2012 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен Атырау облысының чемпионаты өз мәресіне жетті. Бес күнге созылған бұл жарыста өңірдің ең мықты жас боксшылары анықталды.
Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар Қостанай қаласында өтетін Қазақстан чемпионатына жолдама ұтып алды. Олардың әрқайсысы өз салмақ дәрежесінде үздік атанып, облыстың намысын республикалық деңгейде қорғауға мүмкіндік алды.
Жеңімпаздар тізімі:
• 30 кг: Мәдеш Әлихан
• 33 кг: Меңдібай Саят
• 35 кг: Теңелбай Дәулет
• 37 кг: Серік Асылхан
• 40 кг: Бақытжан Әли
• 43 кг: Шман Олжас
• 46 кг: Манарбек Әлинұр
• 49 кг: Нұрадин Азамат
• 52 кг: Бақтығалиұлы Диас
• 55 кг: Қайратұлы Тахир
• 58 кг: Төлекбаев Ердәулет
• 61 кг: Әлжаппар Әмірхан
• 64 кг: Сумкин Глеб
• 67 кг: Киікбай Ілияс
• 70 кг: Есет Жандос
• 70+ кг: Мақсот Әділхан
Енді атыраулық жас боксшылар ел чемпионатында өз шеберліктерін дәлелдеп, жаңа жеңістерге жетуді көздеп отыр.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ