Нұрсая шағын ауданында орналасқан №37 Салық Зиманов атындағы мектепті электр энергиясымен қамтамасыз ететін жер асты тоқ желісінде ақау анықталды.
Қазіргі уақытта мәселені жою бойынша қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Мектептегі сабақтар онлайн режиміне көшірілді.
Жарық толық қалпына келтірілгеннен кейін мектеп өз қызметін штаттық режімде жалғастырады. Жұмыстардың аяқталуы мен жағдайдың тұрақталуы жергілікті билік пен тиісті мекемелердің бақылауында.
Еске салайық, бұған дейін осы мектепте мұғалім өз-өзіне қол жұмсамақ болған еді.