Атырау, 13 қаңтар 00:12
 бұлттыВ Атырау -2
$ 526.81
€ 542.72
₽ 5.16

Мәжіліс депутаттары Жылыой ауданына барды

Сурет
115 просмотра

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әділ Жұбанов пен Дүйсенбай Тұрғанов Жылыой ауданына іссапармен келді. Сапар барысында депутаттар Жем өзені мен Құрсай өзектерінің түбін тереңдету жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметі. 

Халық қалаулылары тұрғындармен кездесіп, оларды толғандырған мәселелерді, атап айтқанда, өңірдегі экологиялық ахуал мен оларды шешу үшін жергілікті атқарушы органдардың атқарып жатқан шараларын талқылады.

-– Бүгін біз Жылыой ауданының тұрғындарымен кездесіп, Жем өзені мен Құрсай каналында тереңдету жұмыстарының қалай жүргізіліп жатқанын көрдік. Жобада ауданды жақсы білетін ақсақалдардың ұсынысы мен белсенді ауыл тұрғындарының тілегі ескерілетін болады. Бұл жұмысты өз бақылауымызда ұстаймыз», — деді Дүйсенбай Тұрғанов.

Жоспарланған 95 шақырым тереңдету жұмыстарының 35 шақырымы аяқталды: Жем өзенінде 4 шақырым және Құрсай каналында 31 шақырым. Алаңдағы жұмыстар кестеге сәйкес көктемге дейін аяқталады деп жоспарлануда. Депутаттардың айтуынша, бұл шаралар көктемгі су тасқынының алдын алуға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді.

Кеше, 20:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.