Атырау, 10 қаңтар 18:24
 ашықВ Атырау -4
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

​«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылы мұнай тасымалдау жоспарын асыра орындады

101 просмотра

2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚМГ-ның еншілес компаниясы, 90%) магистральды мұнай құбыры жүйесі арқылы мұнай тасымалдау көлемі жедел ақпаратқа сай 44 млн 887 мың тоннаны құрады. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 699 мың тоннаға артық.

Отандық мұнай өңдеу зауыттарына мұнай жеткізу көлемі 16 млн 712 мың тоннаны құрады. Бұл 2023 жылғы көрсеткіштерге қарағанда 139 мың тоннаға көп.

Қазақстан мұнайын экспортқа жөнелту көлемі 17 млн 253 мың тоннаға жетіп, 2023 жылдың деңгейімен салыстырғанда 635 мың тоннаға немесе 4%-ға артық болды.

ҚазТрансОйлдың магистральды мұнай құбыры жүйесі арқылы Қытай мен Өзбекстанға мұнай транзиті 10 млн 214 мың тоннаны құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 70 мың тоннаға артық.

ҚазТрансОйлдың магистральды мұнай құбыры жүйесі бойынша мұнай айналымы 35 млрд 526 млн тонна шақырымды құрады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 1 млрд 318 млн тонна шақырымға немесе 4%-ға артық.

«ҚазТрансОйл» АҚ тұрақты өсім көрсетіп, жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындап, мұнай тасымалдау нарығындағы позициясын нығайтып отыр.

Бүгін, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.