Атырау, 10 қаңтар 18:11
 ашықВ Атырау -4
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

Италияда қала тұрғындарына ауырып қалуға тыйым салынды

118 просмотра
Конти-д'Акуино сарайының және Белькастродағы үйлердің көрінісі, Катанзаро, Италия Лино/Алами

Италияның оңтүстігіндегі шағын қаланың мэрі: «Ауруға тыйым салынады» деп, әдеттен тыс мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ақ Жайық басылымы CNN-ге сілтеме жасап.

Калабрияның оңтүстігіндегі Белькастро тұрғындарына «медициналық, әсіресе шұғыл көмекті қажет ететін кез келген ауруды жұқтырмауға бұйрық берілді», - делінген мэр Антонио Торкианың жарлығында.

Белькастро қаласының 1300-ге жуық тұрғынының жартысы қарт адамдар. Жиі жабық тұратын денсаулық орталығы бар, ал кезекші дәрігерлер демалыс күндері, мереке күндері немесе жұмыстан тыс уақытта шақырту бойынша жұмыс істемейді. Ал жедел жәрдем көрсету бөлімі 45 шақырым жерде орналасқан.

«Бұл арандатушылық, бұйрық емес - көмекке шақыру, жанайқайымызды жеткізу, қолайсыз жағдайға назар аудару тәсілі», - деді Торкиа.

Қала басшысы өз жарлығында тұрғындарды «зиянды болуы мүмкін әрекеттерден аулақ болуды және тұрмыстық жазатайым оқиғаларды болдырмауды», сондай-ақ «үйден жиі шықпауды, жолға шықпауды, спортпен шұғылданбауды және көп уақыт демалуды» сұрады.

Бүгін, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.