Атырау, 10 қаңтар 17:57
 ашықВ Атырау -4
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

Атырауда полицейлер мен ұстаздар баспанамыз жоқ деп кейіп танытқан

164 просмотра

Атырау облысында «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкері полиция қызметкерлері мен мұғалімдерге мемлекеттен пәтер алуға көмектескені үшін сотталды, деп хабарлайды Свидетель.kz Telegram арнасы.

Іс материалдарына сәйкес, әйел 2022-2023 жылдар аралығында өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдалана отырып, ХҚКО мүдделеріне қайшы әрекет етіп, жылжымайтын мүлік иелері туралы мәліметтерді өшіріп тастаған. Нәтижесінде құқық қорғау және білім беру жүйесінің қызметкерлері баспанаға мұқтаж деп танылып, мемлекеттен баспана сұрауға мүмкіндік алды.

Ол 206-баптың 2-бөлігінің 1-тармағы «Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне қатысты ақпаратты заңсыз жою немесе түрлендіру» (ең жоғары жаза – 2 жылға бас бостандығынан айыру) бойынша сотталды.

«Басты сот талқылауында сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Ол өз куәлігінде IP мекенжайын және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның маңызды объектілеріне қатысты ақпараттық жүйеде қамтылған заңмен қорғалатын ақпаратты қасақана және пайдакүнемдік мақсатта заңсыз жойғанын, сондай-ақ ақпараттық жүйеге көрінеу жалған мәліметтерді енгізгенін растады. Сотталушы кәмелетке толмаған алты баласы бар екенін айтып, бас бостандығынан айырмауды сұрады», – делінген 2024 жылғы 2 желтоқсандағы №2311-24-00-1/336 үкімінде.

Сотталушы кінәлі деп танылып, оған 738 400 теңге айыппұл салынды. Оған қоса, бір жыл мерзімге коммерциялық немесе басқа ұйымдарда ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға қол жеткізе алатын лауазымдарды атқаруға тыйым салынды.

Бүгін, 13:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.