Атырау, 22 желтоқсан 23:43
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Мақат тұрғындары пойыздан 20 тонна алюминий ұрлаған

1 329 рет қаралды
Көрнекі сурет

Мақатта жүк пойызын тонаған төрт жігіт бас бостандығынан айырылды. Олар Мақат стансасы арқылы өтетін жүк пойызының вагондарынан алюминий құймаларды ұрлаған.

Павлодардағы «Қазақстан электролиз зауытынан» келе жатқан тауар Швейцарияға экспортталуы тиіс болған. Алайда жүк Ақтаудағы портқа жеткен кезде, оның 20 тоннасының кем екендігі белгілі болады.

Жедел іздестіру іс-шарасы нәтижесінде Атырау стансасындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Мақат ауданының төрт азаматын ұстаған.

- Тергеу реттілігі бойынша қылмыстық іс Мақат аудандық сотына жолданып, төрт азаматтың екеуіне 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру үкімі шығып, екі азаматқа 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын алды, - деді Мақат станцасындағы желілік полиция бөлімшесінің бастығы Құралбек Ералиев.

Бас бостандығынан айырылған екі азамат бұрын да жүк ұрлап істі болған. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

9 қаңтар, 20:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.