Атырау, 10 қаңтар 04:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

Атырауда тоғыз колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылады

Бейнежазба
181 просмотра

Атырау облысында жұмысшы мамандықтар жылына орай арнайы іс-шаралар жоспары бекітілді. Ол 6 бағытты қамтиды. Жоспарланған жұмыстардың бірі – колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайту. Осы мақсатта 9 арнаулы білім беру ұйымы материалдық-техникалық базасын жаңғыртады. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов айтты,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Студенттерге жайлы орта жасау мақсатында 3 колледжде жалпы саны 750 орындық жатақхана салынады. Сондай-ақ, 3 колледждің жұмыстарына өзгерістер енгізіліп, өндірістік цехтарды ашу жоспарланып отыр. Оған қоса 17 колледжде қайталанатын 21 мамандықты 5 оқу орнының базасына жинақтау арқылы мамандардың кәсіби құзыретін арттыруға мүмкіндік жасалмақ. Бүгінде өңірге қажетті мамандықтардың нақты тізімі дайындалып, 8 мамандықты оқыту үшін колледждерді дайындау, оқытушылардың біліктілігін және кәсіби құзыретін дамыту бағытында бірқатар іс қолға алыуда. Атырау қаласындағы О.Көшеков атындағы агро-техникалық колледждің жанынан 420 орындық құзыреттік орталық салу арқылы жас мамандардың тұрақты тәжірибе жинауына жағдай жасау — алға қойған міндеттердің бірі, - деді Д.Шамұратов.

Аймақ басшысы орынбасарының айтуынша, жылдан жылға жұмысшы мамандарды дайындау мақсатында жергілікті атқарушы орган тарапынан бөлінетін грант саны көбейіп келеді. Оған дәлел, 2023-2024 оқу жылында 3600 студент тегін білім алса, 2024-2025 оқу жылында 4500-ден аса грант берілді.

Айта кетейік, бүгінде өңірде 24 колледж жұмыс істейді. Оның 12-сі жұмысшы мамандық иелерін оқытады. Жалпы колледждерде 62 мамандық бойынша 159 біліктілікті 19 мыңнан аса студент меңгеруде.


Кеше, 18:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.