Атырау, 19 ақпан 21:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 489.30
€ 578.94
₽ 6.38

Атырау облысында өткен жылы балық шаруашылығы заңнамасын бұзған 2 200-ден астам дерек анықталды

1 027 рет қаралды

Балық шаруашылығын қорғау заңнамасы бұзылуының алдын алу жұмыстарын Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарындағы Жайық-Каспий бассейні су қоймаларының қызметкерлері атқарды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде 2200-ден астам құқықбұзушылыққа тосқауыл қойылып, өрескел заңбұзушылық белгілері бар 141 хаттама сотқа жолданды. Ал қылмыстық құқықбұзушылық белгілерімен 13 тұлғаға қатысты 10 іс сотқа дейінгі тергеп-тексеру үшін құқық қорғау органдарына жіберілді.

Тәртіп бұзушыларға 29,2 млн теңге айыппұл салынды. Оның 25,4 млн-і мемлекет бюджетіне қайтарылды. 29 тұлға балық шаруашылығына 6,8 млн теңге залал келтіргені үшін сотқа тартылды.

Заңсыз айналымнан 4 тонна 638 келі балық (оның 383 келісі бекіре тұқымдастар), 2 800-ден астам аулау құралдары, сондай-ақ, 100 шақты жүзу және көлік құралдары тәркіленді.

Инспекция мамандарының көмегімен Атырау облысында 104,5 миллион, ал Батыс Қазақстан облысында құтқарылған 26,3 миллион шабақтың табиғи ортасына жіберілгенін де айта кетейік.

9 қаңтар 2025, 18:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.