Атырау, 10 қаңтар 06:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 524.75
€ 540.60
₽ 5.12

Атырау облысында тиісті құжатсыз алкоголь өнімдерін сақтағаны ​үшін кәсіпкер​ге айыппұл салынды

221 просмотра

Сот құжатсыз сақталған өнімді тәркілеп, 129 220 теңге әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 283-1-бабының 5-бөлігі бойынша дара кәсіпкер Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Салықтық тақырыптық тексеріс барысында Махамбет ауданында орналасқан дара кәсіпкерге тиесілі дүкенде тиісті ілеспе жүкқұжаттарсыз 3 756 400 теңгенің түрлі алкоголь өнімдері сақталғаны анықталды. 

Сотпен дара кәсіпкер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған алкоголь өнімдері тәркілене отырып, қысқартылған тәртіпте 129 220 теңге әкімшілік айыппұл жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Кеше, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.