Атырау, 24 желтоқсан 05:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Құлсарыда мектеп оқушыларының ата-анасы автобус жетіспейтініне шағымданды

Бейнежазба
1 146 рет қаралды

Жуырда Жылыой ауданы Құлсары қаласының "Береке" ықшамауданында жаңа мектеп пайдаланылуға берілді. Алайда ата-аналар автобус жетіспей, мектепке қатынас қиындап отырғанына шағымданды. 

№ 13 жалпы орта мектепте СМП-615, 224, Тоғызыншы ауыл, Вокзал, Береке ықшамауданынындағы 925 оқушы оқиды. Үшінші тоқсанның алғашқы оқу күнінде-ақ автобустың жетпейтіні сынға алынды.

- Автобусты көбейтпесе болмайды, себебі тек балалар емес, оларды алып келетін ата-аналар да бар. Автобусқа сыймай қалып жатырмыз. Бір үйден екі-үш баладан оқиды. Такси бағасы қымбат, онымен қатынауға қалтамыз көтермейді, - дейді ата-аналар. 

Осы шағымға аудан әкімшілігінің баспасөз қызметі мына жауаппен шектелді. 

- Осы уақытқа дейін 6 автобус жүрді бұл бағытқа. Мектептің ашылуына байланысты тағы 2 автобус қосылды. Аталған мәселені шешу үшін балалар мектепке баратын және қайтатын уақытта бір бағытқа 2 автобус қатар жүреді. Жалпы автобус санын көбейту жоспарда бар". 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА


9 қаңтар, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.