9 қаңтар күні сағат 11:00 шамасында Алмагүл ықшамауданынындағы көпқабатты үйлердің алдынан өзіне суицид жасаған әйел адамның мүрдесі табылды.
Алдын ала ақпарат бойынша 45 жастағы әйел адам сегізінші қабаттан секіріп, сол жерде жан тапсырған. Қазіргі кезде оқиға орнында жедел жәрдем мен полицейлер жұмыс істеп жатыр.
Полиция көпқабатты үйдің терезесінен 1979 ж.т. әйел адамның құлағанын растады. Оның өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабымен қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жәйі тексеріліп, кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ