Атырау, 9 қаңтар 23:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

Мексика президенті Американы America Mexicana​ деп атауды ұсынды

182 просмотра
© Hector Vivas/ Getty Images

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум континенттің солтүстік бөлігі үшін Мексика Америкасы атауын қолдануды ұсынды, деп хабарлайды Ақ Жайық Коммерсантъ басылымына сілтеме жасап.

8 қаңтарда өткен баспасөз мәслихатында ол қазіргі АҚШ пен Мексиканың басым бөлігі America Mexicana деп аталған 1607 жылғы картаны көрсетті. Бір күн бұрын АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп Мексика шығанағының атауын Америка шығанағы деп өзгертуді ұсынған болатын.

«Мексика Америкасы деген атау жақсы естіледі», - деді саясаткер. Өз кезегінде Мексиканың бұрынғы Мәдениет министрі Хосе Альфонсо Суарес дель Реал Америка құрлығының солтүстік бөлігінің бұл атауы XVII ғасырдан бері белгілі екенін айтты. Ол Мексика шығанағы ұғымын халықаралық қауымдастық мойындап, навигацияда кеңінен қолданылатынын еске салды.

Axios басылымы Шейнбаум ханым картада көрсеткен аумақтарды АҚШ-тың 1846-1848 жылдардағы соғыстан кейін  иемденгенін және бұрын испан отары болғанын атап өтті. Бейбітшілік келісімі бойынша Мексика өз аумағының жартысына жуығын : Аризона, Калифорния, Невада, Нью-Мексико, Техас, Юта және т.б. жоғалтты.

Бұған дейін Дональд Трамп Панамамен Панама каналын беру туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын айтып, Гренландияны бақылау үшін әскери күш қолданбауға уәде беруден бас тартқан болатын. Ал Панама Сыртқы істер министрлігі келіссөздер жасалғанын жоққа шығарады.

Бүгін, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.