Режиссер және тележүргізуші Тигран Кеосаян клиникалық өлімді бастан кешіріп, комада жатыр, деп хабарлады оның әйелі, RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симонян. Бұл туралы Ақ Жайық Настоящее время басылымына сілтеме жасап хабарлады.
Еске салайық, Кеосаян Қазақстандағы персона нон грата.
"Соңына дейін айтқым келмеді, бірақ тілшілер телефон соғып жатқандықтан, мен өзім жазайын дедім. Күйеуім Тигран Кеосаян клиникалық өлімді бастан өткерді, қазір комада жатыр. Оның көптен бері жүрегі ауыратынын көпшілік біледі», - деп жазды ол өзінің Telegram-арнасында.
Тигран Кеосаян 59 жаста. 2016 жылдан бастап ресейлік НТВ телеарнасында «Международная пилорама» үгіт-насихат бағдарламасын жүргізді. Ресейдің Украинаға жаппай басып кіруі басталғаннан кейін ЕО, Ұлыбритания, Канада және Австралия оған қарсы санкциялар салды.