Атырау облысының экологтары былтыр табиғатты бүлдіргендерге қатысты 200 әкімшілік іс қозғап, құқық бұзушыларға 44 млрд 869 млн теңге айыппұл салған.
Атырау облыстық экология департаменті баспасөз қызметі мәлімдегендей, былтыр экологиялық заңнама сақтау бойынша 45 тексеру жүргізілілген.
– Оның ішінде 13 профилактикалық бақылау, 28 жоспардан тыс және талаптарға сәйкестігін анықтауға қатысты 4 тексеру бар. Департамент мамандары қоршаған ортаның тазалығын бұзуғандарға 200 әкімшілік іс қозғады. Сот органдарына қарауға жіберілген 12 әкімшілік іс бойынша 22 млрд 023 млн 116 мың 779 теңге айыппұл салынды. Ал өзге істерге қатысты 22 млрд 845 млн 892 мың 213 теңгенің әкімшілік айыппұл салу туралы қаулы шығарылды. Осылайша, 2024 жылы салынған айыппұл сомасы 44 869 008 992 теңгені құрады, - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетсек, 8 қаңтарда Асқар Жүсіпов Атырау облысы бойынша экология департаментіне жаңа басшы болып тағайындалған еді.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ