Атырау, 9 қаңтар 23:13
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

​Бөдене тұрғындары ескі су айдау қондырғысын алып тастауды сұрайды

236 просмотра

Индер ауданы Бөдене ауылындағы Жайық өзені жағасында орналасқан ескі су айдау қондырғысының құрылысын алып тастау әлі күнге іске аспай, жырға айналды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Жайықтың дәл жағасында орналасқан қондырғының кейбір бөлігі тік жармен бірге өзенге ағып та жатыр екен

Бұл қондырғы 1970-1975 жылдары пайдаланылуға беріліп, 2013 жылы жаңа су тазарту қондырғысы салынғаннан кейін иесіздік қамытын мықтап киді. Ешқандай мекеменің балансында жоқ қондырғының іші қоқыс салатын орынға айналды. 

- Ия түрлі қоқыстармен толған бұл қондырғының құрылысын осы кезге дейін неге алып тастамай отырғанын түсінбедік. Өзен тасығанда оның кейбір бөлігі суға ағып та кетті. Бұрын өзен жағасынан қашықтау болғанымен жыл сайын су тасығанда биік жар опырыла құлап, қондырғыға да жақындады. Енді дәл осылай тұра берсе өзенге жұтылып кетуі ғажап емес. Бұл өзенді бүлдіреді деп жиын сайын айтамыз,-дейді тұрғындар. 

Тереңдігі 4 метр, жалпы көлемі 438 шаршы метр болатын бұл су тазарту қондырғысын бұзып, оны тазарту үшін бюджеттен қаржы бөліне бастайды. Бастапқыда 2 млн 500 мың теңге қажеттігі, кейін оны 890 мың теңгеге қысқартып, айналғанда бар болғаны 618 мың теңгеге ЖК «Ғабдоллин» ұтып алады. Алайда ЖК ол қаржы қоқыс қалдығын тазарту мен қоршауларын алуға жұмсалып кеткенін айтады.


Сол кездегі Бөдене ауылдың округінің экс-әкімі Болат ИСАНЫҢ азын-аулақ қаржыны мердігердің есепшотына аударуы оның жұмыстан еріксіз шығарып тастауына дейін жетті. Сол кездегі аудан әкімі болған Дарын ШАМҰРАТОВ оны әкімдіктен алып тастайды. Ал Жайық жағасында жартылай бұзылған қондырғы қалқиып әлі тұр. 

2025 жылғы су тасқынын алдын алуға байланысты Елтай ауылы мен Индербор кентіндегі бөгеттерді қалпына келтіру және қосымша биіктету жұмысына бюджеттен 70 млн теңге қаржы бөлінді. Бірақ су жағасында тұрған Бөденедегі ескі су тазарту қондырғысын бұзуға қаражат қарастырылмаған.

- Қондырғының құрылысы түгел алынған жоқ, қоқысы шыққанымен 2 бетон бағана ғана сыртқа шығарылған, әлі 36-сы бар. Жұмысты толық бітірмеген ЖК «Ғабдоллинді» мердігерді жосықсыз қатысушы деп тану, келісім шартты біржақты бұзу және тұрақсыздық айыбын өндіру жөніндеАтырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына бердік. Бірақ сот қорытындысы шықпай, ештеңе айта алмаймын,-дейді Бөдене округінің әкімі Шырай МЕРҒАЛИЕВА.-Жақында аудан әкімі Серік НСАНБАЕВ тұрғындармен кездесуге келгенде аудандық ТҮКШ бөліміне сметасын қайта қарау жөнінде тапсырма берді

Жайық өзеніне 4 метр жерде тұрған 2 отбасыға 2024 жылдың 31 желтоқсанында үй сатып алып берілген. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Суреттерді түсірген автор

Бүгін, 12:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.