Атырау, 9 қаңтар 16:48
 ашықВ Атырау -2
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

АМӨЗ бас директорына қатысты қылмыстық істің қозғалғанын жоққа шығарды

256 просмотра

Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары мен телеграм-каналдарда Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Ғалымжан Жусанбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалды деген шындыққа жанаспайтын ақпарат жариялануда, деп хабарлайды Атырау мұнай өңдеу зауытының баспасөз қызметі.

«AМӨЗ» ЖШС бұл ақпараттың жалған және шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдеді. Қазіргі уақытта «АМӨЗ» ЖШС мен оның басшылығының атына құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай ресми хабарлама немесе сұраныс түскен жоқ.

Тергеудің жүріп жатқандығы туралы ақпарат зауыт пен оның қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіруге бағытталған әрекет. «АМӨЗ» ЖШС өз қызметін штаттық режимде, өндірістік тапсырмаларды адал орындап, Қазақстан Республикасының заңнамасын қатаң сақтай отырып жалғастырып жатыр.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

Бүгін, 01:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.