Атырау, 21 желтоқсан 10:13
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

9 қаңтарда Атырауда қай жерде суық су болмайды

496 рет қаралды

Бірқатар тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарда 9 қаңтарда суық су беру тоқтатылады, деп хабарлайды «Атырау облысы Су арнасы» КМК.

Сәтпаев даңғылы №28 үй маңында орналасқан көтермелі сорғы станциясынан шығатын Д-160 мм су құбырында апатты қалпына келтіру жұмыстарының жүргізілуіне байланысты, 2025 жылғы 9 қаңтар күні сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша тұрғын үйлер мен нысандарға салқын су беру тоқтатылады:

- Сәтпаев даңғылы бойындағы тұрғын үйлер: №8, 10, 12, 14, 16, 18, 22, 24, 26, 28

- Абай атындағы №15 орта мектеп: Сәтпаев даңғылы, №20

- "Atyrau Dastan Hotel" қонақ үйі: Сәтпаев даңғылы, №6

- Студенттік жатақхана: Студенттер даңғылы, №207

- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің №2 оқу корпусы: Студенттер даңғылы, №205

- Облыстық балалар кітапханасы: Студенттер даңғылы, №31

- №17 балабақша: Сәтпаев даңғылы, №12А

- "Open Clinic": Студенттер даңғылы, №205А

- "Atyrau Executive Apartments" қонақ үйі: Сәтпаев даңғылы, №2

- "ЦентрКредит" банкі: Сәтпаев даңғылы, №8А

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

9 қаңтар, 00:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.