«Ембімұнайгаз» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 100% еншілес кәсіпорны) Атырау облысындағы Тайсойған учаскесінде алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылауды бастады, деп хабарлайды ҚМГ компаниясының баспасөз қызметі.
Аталған учаске Каспий маңы шөгінді бассейніндегі мезозой құрылымында тұзүсті қабаттарынан тұрады. 2025 жылдың соңына дейін тереңдігі 400-ден 3800 м-ге дейін 8 құрылым бұрғылау жоспарланған.
Нысандар 5600 шаршы км көлемде жүргізілген кең ауқымды 3D сейсмикалық барлау негізінде бұрғылауға дайындалды.
«Ембімұнайгаз» АҚ жер қойнауын пайдалану жөніндегі барлық жұмысты ҚР заңнамасына және экологиялық талаптарға қатаң сәйкес жүргізеді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ геологиялық барлау жобалары көмірсутектерді іздеуге және елдің ресурстық базасын толтыруға бағытталған. Бұл жобалар қор көлемі табиғи жолмен сарқылуға жақын жетілген кен орындары бар өңірлерде ерекше маңызға ие. Тайсойған учаскесінде іздеу ұңғымаларын бұрғылау Атырау облысының энергетикалық әлеуеті мен экономикалық тұрақтылығын нығайтудағы маңызды қадам болмақ.
Бұған дейін Тайсойған учаскесінің маңында Уаз, Солтүстік Уаз, Қондыбай және өзге кен орындары ашылған болатын.