Атырау, 9 қаңтар 16:38
 ашықВ Атырау -2
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

Жигули Дайрабаев Исатай ауданында болды

262 просмотра
Дайрабаевтың Facebook-тегі жеке парақшасынан алынған сурет

Жуырда ҚР Мәжілісінің депутаты Жигули ДАЙРАБАЕВ Исатай ауданында болып, Жайық өзенінен бастау алатын Бақсай, Нарын каналының жағдайымен танысты.

Бірнеше жылдан күтім көрмеген каналдар тозып, қаптаған қоға қаптап кеткен. Енді тереңдетіп қазу, су реттегіш шлюздер салмай болмайды. Бұл канал етегінде бірнеше ауыл және мал шаруашылығымен айналысып отырған кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары жетерлік.

Бұдан кейін депутат ауданнан 100 шақырым жердегі Қызыл үй, Жасқайрат елді мекен тұрғындарымен кездесті. 

- Бізді жол жайы қатты қиналтып тұр, тіпті жедел жәрдемнің келуі қиын. Мәселен, Жасқайрат ауылына мәдени ошақ керек. Оның үстіне былтырғы су тасқынынан кейін қарақұрт қаптап кетті. Малды қырып болды, сол себептен мал өрісін мемлекет тарапынан улап берсе дейміз. Бүгінде сыртпен хабарласу қиын, интернет жүйесін жүргізіп берсе, - дейді депутатқа үміт артқан тұрғындар. 

Мәжіліс депутаты интернет жайын шешіп беруге уәде етті. .

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 00:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.