Атырау, 24 желтоқсан 03:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 510.18
€ 601.91
₽ 6.51

Браконьер 51 688 теңге айыппұлмен құтылды

567 рет қаралды

Атырау қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған сотында ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 3-бөлігімен А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

2024 жылдың желтоқсан айында А. балық аулау ережесін өрескел бұзып, Жайық жағалауындағы тыйым салынған жерден балық аулаған. Оның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, полиция қызметкерінің түсіндірме хатымен және әңгімелесу хаттамасымен расталады.

Сот шешімімен А.К. құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 51 688 теңге айыппұл салынды.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ

8 қаңтар, 16:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.