Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Әлібек Бекмұхаметов Атырау облысы бойынша экология департаментінің жаңа басшысы Жүсіпов Асқарды таныстырды.
Жүсіпов Асқар 1988 жылы Қостанай облысы Жангелдин ауданы, Торғай селосында дүниеге келген.
2008 жылы Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2013 жылы Құқықтану одағының Қарағанды экономикалық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Қостанай облысы Жангелдин аудандық Әділет басқармасынан бастаған.
Бүгінгі күнге дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымында қызмет атқарды.
Әлібек Бекмұхаметов Асқар Жүсіповты тағайындалуымен құттықтап, өңірдің экологиялық проблемаларын шешуде жемісті қызмет тіледі.
2024 жылдан бастап департамент басшысының міндетін атқарушы Ерлан ЕСЕНОВ болғанын естеріңізге саламыз.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА