Атырау, 9 қаңтар 09:28
 ашықВ Атырау +1
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

Облыстың бас салық қызметкерінің көлігінің қатысуымен болған жол апаты немен аяқталды

377 просмотра

8 қаңтарда әлеуметтік желілерде Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Айдын САУДАНБЕКОВКЕ тиесілі делінген көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды. 

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиға 2024 жылдың 12 қыркүйегінде сағат 18:10 шамасында С.Бейбарыс даңғылында болған деп жауап берді. Қызметтік көлік шынымен де облыстық МКД бастығы А.Сауданбековке бекітілген. 

Полицияның мәліметінше, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі - 35 жастағы ер адам солға бұрылған кезде қарсы бағытта келе жатқан 33 жастағы ер адам басқарған Honda мотоциклімен соқтығысқан. Мотоцикл жүргізушісі дене жарақатының және мүліктік залалдың болмауына байланысты сот-медициналық сараптамадан және шағым түсіруден бас тартқан. 

Аталған факті бойынша қажетті материалдар жинақталып, Camry жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

Кеше, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.