Саратов пен Энгельс кеше түнде украиндық ұшқышсыз ұшақтардың жаппай шабуылына ұшырады, деп мәлімдеді Саратов облысының губернаторы Роман Бусаргин. Бұл туралы Ақ Жайық Би-би-сиге сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін ол өңірдегі өнеркәсіп орындарының біріне зақым келгенін хабарлағанымен, оның қандай нысан екенін нақтыламаған.
Ресейлік телеграм арналары шабуылдың нысанасы - мұнай базасы болғанын жазды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сол жерде өрт шыққан.
Таңертең Бусаргин телеграмда оқиға орнынан өрт пен будақтаған түтінді көруге болатын суреттер жариялады.
Ресей Қорғаныс министрлігі Саратов облысында 11 ұшқышсыз ұшақтың жойылғанын хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, бір түнде әртүрлі аймақтарда барлығы 32 ұшқышсыз ұшақ атып түсірілген.