Нью-Йорктен шыққан JetBlue ұшағы Форт-Лодердейл-Голливуд халықаралық әуежайына қонғаннан кейін шасси бөлімінде (ұшақтың дөңгелектері) екі адамның мәйіті табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат CNN агенттігіне сілтеме жасап.
Қаза болғандар 6 қаңтар күні кешкісін рейстен кейінгі техникалық тексеру кезінде табылған, оқиғаның мән-жайы әлі анықталмаған.
Құқық қорғау органдары Броуард округінің медициналық сараптама кеңсесі екі адамның өлімінің себептерін анықтау үшін аутопсия жүргізетінін айтқан.
Бұл соңғы айлардағы болған бірінші жағдай емес. CNN хабарына сәйкес, екі апта бұрын Чикагодан Гавайиге ұшатын United Airlines ұшағының шассиінен де мәйіт табылған.