Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазіргі кезде ауруханаларда сібір жарасымен ауырып жатқан науқастар жоқ және жаңадан науқастар тіркелмеген.
Емделіп шыққан тұрғындардың жағдайы тұрғылықты жеріндегі медицининалық мекемелердің бақылауында.
Еске салсақ, 2024 жылдың 20 қарашасында «Асыл-Агро» мал сою цехында өлген малдан сібір жарасы анықталып, шаруашылықтың мал сою цехы аумағында карантин енгізілген болатын. Кейін зертхананың сараптама қорытындысы бойынша «Асыл-Агро» мал сою цехының қасапшысынан теріге шыққан сібір жарасы диагнозы расталып, науқас облыстық ауруханаға жатқызылған болатын. Кейін осы шаруашылықта шаруашылықтың тағы бір қызметкерінен де осы диагноз анықталды.
Осыдан соң қаладағы ең ірі сауда орны «Дина» базары тексеріліп, ол жерде де пышақ жуған судан сібір жарасы бактериясы анықталып, осыған байланысты павильон уақытша жабылып, мамандар толық дезинфекциялау жұмыстарын жүргізген.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ