Атырау, 9 қаңтар 03:12
 ашықВ Атырау -3
$ 527.23
€ 544.05
₽ 5.05

Есепші 613 млн теңге жымқырғаны туралы істі Жоғарғы сот қайта саралады: жаза жеңілдеді

216 просмотра

Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында 613 млн теңге жымқырды деп айыпталған А.Шигабутдиноваға қатысты қылмыстық іс қаралды. Істі қайта қарағанда айыпталушының әрекеті қайта сараланып, бас бостандығынан айыру жазасы 8 жылдан 6 жылға кемітілген. 

Сот үкімімен Шигабутдинова сеніп тапсырылған қаражатты жымқыру бойынша айыпты деп танылған (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы). Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Іс материалдарын зерделегендеу мынаны көрсетті.

Шигабутдинова ЖШС бухгалтері бола тұра, басшылық ұсынған «Банк-Клиент» бағдарламасына рұқсаты бола отырып, ЖШС шотынан екі жеке кәсіпкердің есепшотына банк реквизиттерінде оның және ағасының шотының нөмірін көрсете отырып, 613 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны анықталды.

Шигабутдинованың кінәсі жиналған айғақтармен дәлелденді. Сонымен бірге оның әрекеті дұрыс сараланбаған.

“Ұрлық туралы істер бойынша сот практикасы туралы” Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 1 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысының 18-тармағына сәйкес қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатты, оның ішінде электрондық ақша қаражатын оның иесінің шотынан өзiнiң немесе бөтен адамның шотына аудару жолымен ұрлау ҚК-нің 189-бабы бойынша кінәлі адамның өз лауазымы бойынша жәбірленушінің қолма-қол ақша шотындағы ақшаға билік етуге құқығы болған жағдайда, кінәлі адамға өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау деп саралануы тиіс.

Мұндай құқық болмаған жағдайда іс-әрекет ҚК-нің 188-бабы бойынша ұрлық немесе ҚК-нің 190-бабы бойынша алаяқтық ретінде саралануға жатады.

Іс материалдарынан Шигабутдинованың қаржылық құжаттарға қол қоюға құқығы болмағаны және ЖШС қаражатын өз атынан басқара алмайтыны шығады.

Ол тек ЖШС директорына берілген ЭСҚ кілті арқылы қаржылық құжаттарға қол қойған және осылайша оның шоттарына ақша аударған, яғни ұрлаған.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Шигабутдинованың әрекеті Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен қайта сараланып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Кеше, 09:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.