Оқиға 7 қаңтар сағат 10:20 шамасында болған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция батальоны қызметкері Данияр ЖӘРДЕМҒАЛИ түнгі ауысымнан кейін үйіне қайтып бара жатқан. Осы сәтте ол қаладағы жанар-жағармай бекетінде Nissan автокөлігінің отқа оранып жатқанын байқаған.
Полицей көлікті қауіпсіз жерге қарай итеріп апарып, өрт сөндіру құралын пайдаланып, жалынды ауыздықтаған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін жалын тез арада сөндірілді.
Оқиға орнында зардап шеккендер жоқ.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ