Атырау, 8 қаңтар 08:36
 ашықВ Атырау -1
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

Жаңаауылдағы жаппай төбелес: бір қатысушы қаза болды, екеуі ауруханада, жетеуі ұсталды

552 просмотра

Қайғылы оқиға 29 желтоқсан күні таңғы сағат 05:00 шамасында Құрманғазы ауданы, Жаңаауыл ауылында болған. Жаппай төбелес кезінде жас жігіт оққа ұшты. 

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, қаза болған жігіт көршілес Сафоновка (Сафон) ауылында тұрған. Олар Жаңаауылда екі жыл бұрын бар ашылғанын, оған көрші ауылдың тұрғындары жиі келетінін айтты. Тұрғындар Жаңаауылда жергілікті жастар мен Сафоновкадан келетін жастар арасында қақтығыс жиі болатынына қынжылыс білдірді. Көбінесе бұл жанжалдар төбелеске ұласады екен. 

Ауыл тұрғындары қазір өлген жігітті үй маңында атып өлтірді деген жалған ақпарат таралып жатқанына наразы. 

- Бұл жалған ақпарат. Ол Сафонның жігіті, Жаңаауылда жаппай төбелес болған жерде қаза болды, - дейді ауыл тұрғындары.

Сол бір қаралы күні, жергілікті тұрғындардың айтуынша, Сафоннан қырық шақты жігіт үш көлікпен Жаңаауылға келген. Сол жігіттер мен жергілікті тоғыз тұрғынның арасында жанжал шыққан. Сөзге келіп, кейін ол төбелеске ұласып, нәтижесінде Сафонның 29 жастағы тұрғыны қаза тапқан.

Атырау облыстық полиция департаменті адам өлтірді деген күдікпен 30 жастағы ер адамның ұсталғанын хабарлады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бұдан басқа, 20 және 33 жастағы екі ер адам түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілген. Тергеу шаралары аясында оқиғаға қатысы бар жеті күдікті ұсталды. Оқиғаға қатысты басқа мәліметтер мен тергеу барысы әзірге жарияланған жоқ.

Айнұр САПАРОВА

Кеше, 00:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.