Украина АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамппен кездесіп, тиісті қауіпсіздік кепілдіктерін алғаннан кейін ғана Ресеймен келіссөзді бастай алады. Бұл туралы америкалық подкаст жүргізуші Лекс Фридманға берген сұхбатында Владимир Зеленский мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Меніңше, 25 қаңтарда немесе басқа бір күні біз ең әуелі Трамппен кездесеміз. Біз онымен соғысты және Путинді қалай тоқтата алатынымызды келісеміз. Бұл жерде Еуропаның да дауысының болуы біз үшін өте маңызды", – деді Украина басшысы.
Зеленский Киевке қауіпсіздік кепілдігі ұсынылғаннан кейін ғана Мәскеумен сөйлесу мүмкіндігі болатынын айтты.