Нью-Йоркке көлікпен барғандар ақы төлеп кіреді, деп хабарлайды 24.kz.
Мәселен, Манхэттенде Орталық саябақтан оңтүстікке қарай жеңіл көлікпен жүру үшін жүргізушілер күніне 9 доллар төлем жасауға тиіс.
Бастапқыда 15 доллар болады деп жоспарланған алайда халықтың наразылығына байланысты жүру ақысы төмендетілді. Ал жүк көліктері мен автобустар күніне 21 доллардан төлеуге тиіс.
Шаһар билігі осылайша, туристер арасында танымал жерлерде кептелісті азайтып, ауаның ластану деңгейін төмендетуді көздейді. Жиналған қаржы мегаполистегі қоғамдық көлікті дамытуға жұмсалады.