Атырау, 8 қаңтар 00:08
 ашықВ Атырау -4
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі артемия өндірісін ұлғайту үшін өзгерістер дайындауда

402 просмотра

Артемия (лат. Artemia salina) – шаянтәрізділердің желбезекаяқтылар тұқымдасының бір түрі, шабақтар үшін дәмді азық және қымбат қытай косметикасын өндіру үшін қолданылатын шикізат.

Осылайша, артемия - бюджетке түсетін ақша көздерінің бірі.

Артемия цисталарын шығаратын кәсіпорындар Қазақстанда – Ақтөбе мен Қызылордада тіркелген.
Белгілі болғандай, Қызылорда облысында артемия өндірісінің көлемін үш есеге ұлғайтып, 136 тоннаға жеткізгісі келген, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің сайтында. Жақында бұл шешімді балық ресурстарын алып қою жөніндегі комиссия мақұлдады.

Қазақстанның ардагер гидрогеологы Едіге САБУРОВТЫҢ айтуынша, бұл шаянтәрізділер сортаңдарда мекендейді. Олардың қызғылт түсі алыстан көрінеді. Атырау қаласында бұрын №027 тас жолдың бойында, Геолог ауылының маңында артемия көп болатын. Жаздың ортасында балалар оларды тормен аулап, базарларда «Тірі жем!» деп сататын.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 қаңтар, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.