Атырау, 7 қаңтар 23:52
 ашықВ Атырау -4
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

Сұйытылған мұнай газының бағасы бекітілді

444 просмотра

Энергетика министрі 2024 жылғы 25 желтоқсандағы бұйрықпен тауар биржаларынан тыс ҚР ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің шекті бағасын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазақстан Республикасының ішкі нарығына тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізудің 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 30 маусымға дейінгі кезеңге қосылған құн салығын есепке алмағанда тоннасына 45 158 теңге мөлшерінде шекті бағасы бекітілсін". 

Бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.

Еске салсақ, бұған дейін сұйытылған газдың бағасы 2024 жылдың 1 шілдесінен 31 желтоқсанына дейінгі аралыққа бекітілген болатын. Бұл уақытта газдың құны 40 320 теңгені құрады.

Кеше, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.