
Қазақстанның ІІМ-не Ресей ІІМ-нен құрамында есірткі бар адыраспан өсімдігінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны туралы жадынама жолданды.

«ҚР Ішкі істер министрлігінің атына Ресей Федерациясының ІІМ-нен Ресей Федерациясының аумағына кіретін Қазақстан Республикасының азаматтарының есірткі қылмысына тартылуының алдын алу мақсатында құрамында есірткі бар "адыраспан" өсімдігінің заңсыз айналымы үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгені туралы жадынама келіп түсті», - делінген хабарламада.
5 қаңтар, 16:51