Атырау, 7 қаңтар 15:51
 ашықВ Атырау -4
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

Атырау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

564 просмотра

Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып МҰҚАСОВ Мейіржан Жолдасұлы тағайындалды. 

Мұқасов Мейіржан 1994 жылы Атырау облысында туған. 

2013 жылы «Атырау аграрлы-техникалық колледжін» бітіріп, техник мамандығын, 2016 жылы «Атырау мұнай және газ институтын» аяқтап, қызмет көрсету саласының бакалаврын, 2018 жылы «Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінен» құқықтану бакалавр мамандығын, 2022 жылы Мәскеу экономикалық институтын бітіріп, экономика мамандығын алған. Сонымен қатар, мемлекеттік аудитор сертификаты  бар.        

Еңбек жолын 2013 жылы Атырау қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы болып бастаған.

2015 жылдан мемлекеттік қызметте. 2015-2018 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің бас маманы лауазымында, 2018-2020 жылдары осы бөлімде мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторының меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары лауазымында, 2020-2022 жылдары қалалық қаржы бөлімінің басшысы, 2022-2023 жылдары Атырау облыстық қаржы басқармасының басшысы, 2023-2024 жылдары Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының басшысы лауазымында, тағайындалғанға дейін облыс әкімінің кеңесшісі  лауазымында жұмыс істеген.

5 қаңтар, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.