Атырау, 7 қаңтар 16:13
 ашықВ Атырау -4
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

​Испания «алтын виза» ережесін алып тастамақ

273 просмотра

Испания билігі «алтын виза» ережесін жою туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды 24.kz.

Енді шетелдіктер жылжымайтын мүлік сатып алу арқылы ел аумағында өмір сүру мүмкіндігінен айырылады. Кейінгі кезде кәрі құрлықта мұндай визаларға деген қызығушылық артқан. 

Әсіресе өз еліндегі саяси тұрақсыздыққа көңілі толмайтын азаматтар арасында сұраныс көп. Аталған визаның ең кең тараған нұсқасы 500 мың еуродан кем емес сомаға жылжымайтын мүлік сатып алу болды. 

Басқа опцияларға испаниялық компаниялардың акцияларына 1 миллион еуро немесе Испанияның мемлекеттік бағалы қағаздарына 2 миллион еуро инвестициялау кіреді. 

5 қаңтар, 14:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.