Атырау, 23 наурыз 20:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 482.33
€ 557.57
₽ 5.74

АҚШ-та 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салынды

595 рет қаралды
Ашық дереккөзден алынған сурет

АҚШ-тың Флорида штатында 14 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіні пайдалануына тыйым салынды, деп хабарлады АҚШ басылымдары. Енді Флоридада балалар әлеуметтік желіде аккаунтын аша алмайды, деп хабарлайды Informburo

"Сондай-ақ, Facebook, Instagram және TikTok желілерінде 14 жасқа дейінгі балалардың атына бұрын ашылған аккаунттар жойылады. Егер платформа иелері бұл талаптарды орындамаса, үстінен азаматтық шағым түсіріледі", – делінген хабарламада. 

Флорида өкілдер палатасының түсіндіруінше, бұл заңды қабылдаудағы мақсат – балаларды зорлықшылардан қорғау және балалардың психикалық денсаулығына әлеуметтік желілердің кері әсерін болдырмау. 

5 қаңтар 2025, 14:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.