Атырау, 7 қаңтар 07:54
 ашықВ Атырау -1
$ 527.30
€ 544.86
₽ 4.95

Дамаск 7 қаңтардан бастап халықаралық рейстерді қабылдайды

217 просмотра
Ашық дереккөзден алынған сурет

Сириядағы Дамаск әуежайы 7 қаңтардан бастап халықаралық рейстерді қалпына келтіреді. Бұл туралы Сирияның азаматтық авиация және әуе көлігі басқармасының басшысы Ашхад ас-Слейби мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Шенеуніктің Сирия мемлекеттік САНА ақпарат агенттігіне берген түсініктемесіне сәйкес билік қазір Дамаск пен солтүстік Алеппо қаласындағы әуежайларды халықаралық рейстерді орындау үшін жан-жақты дайындаумен айналысып жатыр. 

Әуе айлақтарының жұмысы 2024 жылы желтоқсанда Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад үкіметі құлағаннан кейін тоқтатылды.

2 қаңтарда Qatar Airways ұлттық әуе компаниясы 2025 жылдың 7 қаңтарынан бастап Дамаскіге рейстерді қалпына келтіретінін хабарлады.

5 қаңтар, 12:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.