Атырау облысының ішкі нарығына 2025 жылдың қаңтар айына 8327 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, деп хабарлайды облыстық энергетика басқармасы.
Сонымен қатар, ішкі нарықтағы газ қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Министрліктен қосымша 2000 тонна сұйытылған мұнай газы көлемі сұратылатын болады.
Облыс бойынша 101 газ құю бекеттеріне сұйытылған мұнай газының аталған көлемі таратылуда.