Атырау, 5 қаңтар 08:22
 бұлттыВ Атырау +2
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

​Атыраудағы антисанитариялық наубайхана қай жерде?

733 просмотра

Оқырмандардың сұрауы бойынша «Ақ Жайық» редакциясы зеңденген нанның нақты қай жерде пісірілгенін анықтады.

Бірақ, алдымен, нан-бөлке өнімдерінің қызметкерлердің қолдарын жууға арналған раковинасы жоқ жерде пісірілгенін, желдету және ауа баптау жүйесі ұзақ уақыт бойы тазаланбағанын еске сала кетейік. Сондай-ақ осындай орынжайларға тиесілі құрылғылар болмаған. Наубайшылар лас киіммен жұмыс істеген және олардың бұл қызметке рұқсаты болмаған.

Осылайша, сот ЖШС-ге ӘҚБтК-тің 463-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеусіз және рұқсатсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқаны үшін 90 мың теңгеден астам сомада айыппұл салды.

Өз кезегінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы ӘҚБтК-нің  425-бабының 1-бөлігі («ҚР халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзу») бойынша серіктестікке 230 АЕК айыппұл салды.

Жоғарыда айтылғандай, ЖШС СЭБ басқармасының ұйғарымына шағымданды, бірақ шешім өзгеріссіз қалды.

Бұл «Мұрагер и Н» ЖШС-не қатысты болып отыр.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

3 қаңтар, 01:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.