Жаңа жыл түні Атырау қаласындағы зақым-жарақат бекетіне әр түрлі жарақатпен 54 адам тіркелген.
Зақым-жарақат бекетінің мәліметінше 54 адамның 3-і ауруханаға жатқызылған. Қалғаны жаралары таңылып, үйлеріне жіберілген. Жарақат алғандардың арасында отшашудан химиялық күйік алғандар, қолын күйдіргендер және жаңа жылдық дастархан әзірлеу кезінде қолын кесіп алған қыз-келіншектер бар, деді облыстық зақым-жарақат бекетінен.
Жаңа жыл түні 201 хабарлама келіп түсіп оның барлығына полицейлер уақытылы барып қызмет көрсетті.
Атырау облыстық жедел жәрдем станциясының 103 пультіне жаңа жыл күні 752 шақырту түскен. Шақыртулар саны басқа күндерге қарағанда 300-400 ге аз болған.
Атырау облыстық денсаулық басқармасының мәліметі бойынша жаңа жыл түні облыста 4 сәби дүниеге келген. Төртеуі де ұл.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ