Атырау, 4 қаңтар 10:59
 ашықВ Атырау +3
$ 525.11
€ 546.74
₽ 4.88

Жаңа жыл түні полицияға 205 шағым түсті

793 просмотра

Мұнайлы өңірде қоғамдық қауіпсіздік жағдайы бірқалыпты. Мереке түні тұрғындар тыныштығын және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін полицейлер күшейтілген режимде қызмет етуді жалғастыруда. 

Жаңа жыл түні 201 хабарлама келіп түсіп, оның барлығына полицейлер уақытылы барып қызмет көрсетті. Көпшілік шаралар кезінде ата-анасы баласын жоғалтқан жағдай тіркелген жоқ. Көшелерде бұзақылық пен заң бұзушылыққа жол берілген жоқ. Мереке күні отбасы шырқын бұзған 15 адам анықталып, полиция бөлімдеріне жеткізілді. 25 ұсақ жол-көлік оқиғасы орын алды, жарақат алғандар жоқ, деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

1 қаңтар, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.